Топографиялық карта

lat: Topografıalyq karta

жер аймағының бардығы бірнеше есе кішірейтіліп, шартты белгілермен дәл және толық бейнеленеді. Топографиялық картада арнаулы шартты белгілермен жер аймағы элементтерінің барлығы, тұрған орнымен толық көрсетіледі. Топографиялық картаны командирлер, түрлі дәрежедегі штабтар ұрысқа дайындалу кезінде және ұрыстың барысында әр түрлі міндеттерді шешу үшін, сонымен қатар жау туралы және өз әскерлері туралы мәліметтерді, қабылданған шешімдер мен әскери бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданады. Топографиялық карта еліміздің қорғанысы мен халық шаруашылығының талаптарын қанағаттандыруға арналған жалпы мемлекеттік карта болып табылады. Топографиялық картаның көмегімен шешілетін міндеттердің әр түрлілігіне қарай олардың масштабы да түрліше болады. Торпедо - жарылғыш зат салынған, өзі басқарылып, өзі жүретін, жау кемесін, басқа да көліктерді суға батыру үшін қолданылатын су асты снаряды, мина.