lat: Topologıa
[грек. topos – орын, жер, logos –ұғым] з а т. м а т. 1. Математиканың үздіксіздік идеясын анықтау және зерттеу мәселелерімен айналысатын саласы.
Топология гомеоморфизм нәтижесінде өзінің қасиеттері мен өзара орналасуларын сақтап қалатын фигураларды зерттейді (ҚҰЭ).
Мұндай қасиеттерді сақтайтын бейнелеу топологияда қолданылады («ҚазақсТ. мект.»).
2. и н ф. Есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды бейнелеу.