топырақтардың таптарға, топтарға және таксономиялық бірліктерге бөлінуі, олардың әрқайсында тау жыныстарының инженерлік-геологиялық қасиеттері жуық болады. Топырақ қасиеттері олардың жаратылысымен және кейінгі өзгеру үдерістерімен анықталатын топырақтанудың жалпы қағидаларына негізделіп құрылған: дербес, өңірлік және салалық топырақтардың жіктелулері ажыратылады. Топырақтардың басқа жіктелулерін жасау үшін негіз болатын жалпы тапталуы 25100 МемСТ-та көрсетілген және оған төмендегі таксономиялық бөлімшелер кіргізілген: класс (жартас, жартас емес) - құрылымдық байланыстарының сипаттамасы бойынша; топ (магмалық, шөгінді, метаморфтық, жасанды) - жаратылысы бойынша (тектік бөлінудің бірінші дәрежесі); топша - түзілу жағдайы бойынша (тектік бөлінудің екінші дәрежесі); тип - құрамы және әркелкілік дәрежесі бойынша; түр - құрылымы, бітімі, цемент құрамы бойынша; әртүрлілік - күйі, қасиеттері, химиялық құрамы бойынша.