Орыс тілінен тілімізге қайта оралып келіп отырған товар сөзі түркі тілдерінің көне сөздерінің бірі. Көне жазба ескерткіштердегі товар сөзінің мағынасы қазіргі тіліміздегі мал (дүние) деген сөзбен бірдей. Бұл сөз Махмуд Қашғаридың сөздігінде жиі кездеседі талүар — товар, мал, мата; және бір жерінде татуар — жанды-жансыз мал ден көрсетеді (МК, I, 286, 349, 456; II. 25, 37; МК III, 55, 85, 274, 280). Махмуд Қашғаридың сөздігінде бұл әрпі арқылы ( } ) беріледі де, бірақ оғыздарда } (ш)-ның орнына айтылады деп көрсетеді (МК, I, 343). Бұл сөз «дауар — тувар — тавар түрінде басқа да әртүрлі ескерткіштерде кездеседі. Говар сөзі «дүние, мүлік» мағынасында түркі тілдерінің бірталайында соңғы уақытқа дейін қолданылып келген. Мысалы, тыуармал, малтыуар — дүние, мүлік (Остроумов, 1-опыт сл, нар. тат. яз. 126). Товар сөзі орыс тілінен екі түрлі жаңа мағынада кері қайтқан сөз: 1) экономикалық термин: сауда, айырбас үшін өндірілген зат; 2) сауда бұйымы. Көпшілік қолды товар. (Б. С.)