(гр. trias — үшкілдік, үштік)—дамудың үшкілдігі, үш сатылылығы. «Триада» ұғымын алғаш рет ІІлатон және неоплатоншылдар (әсіресе Прокл) қолданды. Ол кейіннен классикалық неміс философиясында жан-жақты дамытылды (әсіресе Гегельде). Гегельше кез келген даму процесі үш сатыны басып өтеді: тезис, анти-тезис синтез. Әрбір саты өз алдындағыны теріске шығарады да оның қарсыласына айналады, ал синтез болса антитезисті теріске шығарып қана қоймай, сонымен бірге өзінің алдындағы дамудың екі сатысының кейбір белгілерін өз бойына сіңіреді. Синтез, кез келгенде, келесі жаңа триаданың басы болып табылады және триада триадасы жү-
ріп өткен жол қайта басталған кезде Триадада дамудың неғұрлым жетілген ерекше баспалдағы көрінеді. Гегель триаданы абсолюттендірді және пөз ұйғарымдарын елеместен философиялық жүйе жасаудың формалды тәсіліне, ұғымның үш сатылы даму схемасына айналдырады. Триаданың рационалды мазмұны фидософияда даму процесіне баға беруді пайдаланылды (Терістеуді терістеу заңы).