1. Әскери сот - Қарулы Күштердің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаушылар мен әскери қызметті өтеуде тәртіп бұзғандарды жауапқа тарту үшін құрылған сот органы. 2. Халықаралық әскери трибунал 1945 ж. КСРО, АҚШ, Англия және Францияның келісімімен екінші дүние-жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін негізгі соғыс қылмыскерлерін соттауға арналып құрылған сот органы.