ТРАЕКТОРИЯ

lat: Traektorıa

ат. trajectus] з а т. 1. Дененің не нүктенің т.б. әуеде ұшу жолы, жасаған сызығы.

Траектория түзу және қисық сызықты қозғалыс болып бөлінеді (ҚСЭ).

Айтыңызшы, жүк кемесінің ұшу траекториясы есіңізде ме? Траекторияны сұрауымда үлкен мән бар (Т.Шаханов, Жоғалған.).

Көздеген бағытта бұл шоғырдан әрірек жатса да ол өзінің арнаулы траекториясын бұзып әдейі осында бұрылды (Т.Шаханов, Көгілдір.).

2. ә с к. Снарядтың немесе оқтың ауадағы ұшу жолы.

Осы күштердің әрекеттерінің нәтижесінде снарядтың (оқтың) ұшу жылдамдығы біртіндеп төмендейді де, оның траекториясы бір қалыпты емес қисық сызық түрінде болады (Қаз. тілі термин. Әскери.).