трафареттік басу әдісінде мәтін-бейне материалдарына берілетін бояу, үстіңгі беті тормен қапталған басу қалыбындағы саңылаулардан арнайы ракель пышағының көмегімен бояуды сығып шығарады. Осы бояу арқылы мәтін-бейне материалдарының бейнесі қалыптасады. Дәстүрлі трафареттік басу әдісін кейде шелкография немесе тормен басу әдісі деп те атайды. Трафареттік басу әдісімен басылған оттискілердегі бояу қабатының қалыңдығы басқа әдіспен басылған оттискілердегі бояу қабатына қарағанда әлдеқайда қалың болады. Сондықтан трафареттік басу әдісін қолдана отырып бояуды қатты сіңіретін немесе тегіс емес материалдарда қанықтығы жоғары және қалың бояу қабаты бедерлі болып айшықталып тұратын өнімдерді және түптеу мұқабаларын басады.