lat: Trakt
[нем. Trakt] з а т. 1. Әбден жүрілген үлкен жол.
Қозғалды кешке таман Дутов қолы, Аягөз трактесі тура жолы, Қарауыл, Орда, Мұқыр, Маян, Қорық, Ежелден қалың ауыл малға толы (Е.Бердин, Қанды асу).
2. Белгілі бір затты жеткізуге, жөнелтуге арналған құралдар жиынтығы.
Құрғақ сөндірілген кокс іріктеу трактасына, содан соң сұрыптау бункерлеріне жөнелтіледі (Қаз. тілі термин. Кен.).