ТРАКТОР

lat: TraktOR

зат. Әртүрлі ауыр жұмыстарды атқаруға арналған, мотордың күші мен қозғалатын, шынжыр табанды не доңғалақты ауылшаруашылық машина.

Біздің достық халықтың жүрегінде,

нан өсірген диқанның білегінде.

Космосқа ұшқан корабль рулінде,

Тың қопарған трактор түренінде (1,284).

Трактор машинамызды кезеңге шығарды, біз кәриямен қош айтысып кете бардық (4,127).