ТРАКТОР

lat: TraktOR

ат. traktor] з а т. Тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауылшаруашылық жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған, өздігінен қозғалатын доңғалақты не шынжыр табанды мәшине.

Ауылшаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады (ҚҰЭ).

Гараж бастығы әлі де екі-үш тракторының мұнда соқпай жүргенін айтты (Т.Иманбеков, Тұт ағашы.).

Үлкен балалар қайтып келіп, тракторды көргенін айтқанда оларға тамсана қарайды (С.Хайдаров, Азамат сыры).