lat: Transkrıpsıa
[лат. transcrіptіo] з а т. л и н г в. 1. Белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл беру үшін пайдаланылатын жазу, шартты таңба.
Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады (ҚҰЭ).
2. м у з. Музыкалық шығарманы басқа аспаптарға немесе дауысқа салу әрекеті.