Кант және оның жолын қуушылар ұстанған фнлософиялық идеализмнің өзгеше түрі. Латын тернині схоластикалық фнлософияда бар-ойдағы категориялар мен тектердеп жоғары тұратын ұғымды білдіретін сөзден шыққан. Кант бойыншна, оған дейінгі идеализм болмыс туралы ілімді «догматикалы» түрде, ягни алдын ала оның шартына қарамастан, сөзсіз қажетті ақиқаттардың мүмкіндігіг зерттеместен бұрын дамытты. Кант мұндай ақиқаттың нақты ғылымда (математнка, жаратылыстану) қалай болуы және оның философияда да болуы мүмкін екендігін теориялық философня («метафнзика») түсіндірін беруге тиісті ден есептеді. Осы жерде Кант «өзіндік зат» және «біздің зат» деген терминдер енгізді. Ондаі ақиқаттың болу мүмкіндігінің шарты ретіндегі — мысалы, сананың априорлы формалары болатынды-ғын дәлелдейтін және бұл формалардың тәжірнбе кезінде одан тыс та қолданылу мәселесін зерттейтін түсініктерді беретін тек қана трансценденталды идеализм (ол «сыншыл» идеализм деп те аталады). Осы түсінікке сай Канттын. «Жалаң ақыл-ойға сын» деген еңбегінде кейбір теориялық құрылымдар «трансценденталдық» деген атау алды (мысалы, трансценденталдық эстетика», «трансценденталдық логика»).