ТРЕСТ

lat: Tres

[ағылш. trust] з а т. Құрамына енетін кәсіпорындардың толықтай өзіндік өндірістік, коммерциялық және заңды дербестігінен айрылып, бірыңғай басқаруға бағынатын кәсіпкерлер бірлестігі; Монополияның бір түрі.

Ешқайдан қызмет таппай ең соңғы үміті трестің бастығына келіп отыр (А.Жақсыбаев, Егес).

Трестен келетін жарлық соған түсіп, берілетін хабар да содан жөнелтіледі (М.Әбдіхалықов, Алыста.).

Аудиториядағы таңертеңгілік оқуды түстен кейін гео-физикалық трестегі жұмыспен жалғастырды («Қаз. әдеб.»).