lat: Tuıaqty
с ы н. 1. Мал.
Қашқындармен бірге орта жүзде тұяқтыға жүлде бермейтін Маса байдың қос күреңі жоғалыпты (Х.Әдібаев, Таңбалы.).
Бүкіл тұяқтыдан айнымайтын бір ғана малы болатын – ол Шағыр аты (Т.Ахтанов, Шырағың.).
2. а у ы с. Тұқымы, ұрпағы бар.
Баласы бір кісінің тұяқты едің, Төрт ата ұлы Дулатта қуатты едің. Кешегі ынтымағың бар кезінде, Бұл елдің аруағы сияқты едің (Майлықожа, Нақыл).