Тұңғиық

lat: Tuńǵıyq

с ы н. 1. Түпсіз терең, өтетерең (су иірімі) .

Иірілген бұйра толқын шашы қандай, Иығына екі жылан асылғандай. Тұңғиық қара судай қара көздер Қандай сыр болсаағы жасырғандай (М.Жұмабаев, Шығ.).

Тұңғиық, тыныш теңіз беті жыбырлай бастады.Жансүгіров, Шығ.).

2. а у ы с. Тереңде, көңіл түкпірінде жатқан (сезім, ой).

Әңгіме жаздым ертек бозбалаға, Артықша жазып-сызбай сөз бола ма? Жақсылық, жаманшылық бастан кешпей, Тұңғиық ой толқыны қозғала ма? (Ә.Найманбаев, Шығ.).

3. а у ы с. Сырын шашпайтын, тұйық (адам).

Ол күлмей-тін, үнемі бір қалыпта, тұңғиық , селт етпеген күйіндетұратын да қоятын (М.Мағауин, Ақша қар).

Ол мен үшін шеті ғана ашылған, ар жағы тұңғиық , бітеу жан (Т.Ахтанов, Шырағың.).