lat: Tuǵyr
з а т. Мініске төзімді, жабы тұқымдас жылқы; жұмыс көлігі, тұғыр ат.
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, Оған да үкі, тұмар тағылса да. Қыжырытпай мені сырттан жүре алмайды, Кім жегіліп, қай шеттен қағынса да (Абай, Тол. жин.).
– Бәйеке, озады атым, бәс тігемін, Тұлпарыңды тұғырым басты менің. Алты болыс Албанды дүрліктіріп, құнанында бәйгі алған тас түлегім (М.Мақатаев, Шығ.).