Тұжырым

lat: Tujyrym

з а т. т е р. 1. Белгілі бір істің, ойдың қорытындысы, байламы, шешімі.

Менің соңғы тұжырымым мынадай пікірге ойысты (Т.Бердияров, Солдат.).

Шамасы, оның қол астында сыннан өткен тұжырымдар болмаған болу керек (М.Дүзенов, Әке.).

2. ғ ы л. Диссертациялық жұмыстың қорғауға ұсынатын негізгі байламы, қорытындысы, нәтижесі, болжамы.