Тұлғааралық аттракция

lat: Tulǵaaralyq atraksıa

Бір адамды басқаның жоғары бағалау үдерісі, адамдар арасындағы өзара тартымдылық, өзара ұнату. Тұлғааралық аттракция басқалармен қатынас кезіндегі өзін белгілі бір қалыпта ұстауына итермелейтін бір адамның бағалау әрекетін көрсетеді. Өмір тәжірибесінде бір адамның басқаға тартымдылығы тұлғааралық аттракцияның ішкі және сыртқы факторларының әсерінен туындайтын эмоциялық жағдайлардың кең мөлшерінде айқындалады.