lat: Tuldyr
з а т. 1. Жоққа тән болмашы зат, соңғы талшық.
– Мына жұрттың бар тұлдырын, мал-жанын аждаһаша сорасың! Ол зорлық емес пе (М.Қуанышбаев, Кек.). \
Ол бурылданған сақалын қырып кеп, иегінің үшіне бір тұтамдай тұлдырын қалдырды (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).
2. а у ы с. Жалаңаш, тақыр.
Сарыарқа мүлде бейіш боп, Елі еркін, кейіс жоқ, Мыңнан бірді таңдатты. Төрт түліккетолтырды, Толағай тұлдыр қыратты (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
Бой тасалар қылтасы, арна-арығы жоқ, тұлдыр жазықты бетке алып келеміз (А.Сүлейменов, Бесін).