lat: Tunba
з а т. 1. Сұйық заттың түбінетүскен қойыртпағы; шөгінді.
Тұндырылғаннан кейін суды төгеді, түбіндегі тұнбаны астаушаға салады (Т.Тілеуғалиев, Балық ауру.).
Тұнба мен батпақ бүрмепті, Алмады тастан жүзін бұл. Бір сәтте судан жылт етті, Жылт етті ғажап кызыл нұр (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
2. Шөптің т.б. заттардың қайнатылып тұндырылған сұйығы, сұйық астың тұнып қалған тұнығы.
Олар көженің тұнбасын өздері ішіп, қоюын балаға сақтап беретін (М.Ысқақбаев, Қырық қыз).
Жылантамырдың тұнбасы іш қатты өткенде қолданылады (С.Сұбханбердин, Өсімдік – дәрі.).