lat: Tunshyǵý
1. Тұншық етістігінің қимыл атауы; ауа жетпеу, дем ала алмай қалу.
Көпірден көрінбестен өте шықтық, Тарттық тауға қалған соң бір шырыш нан. Көзден жас жерді қимай ыршығанмен, Қуандық құтылғанға тұншығудан (Д.Еркінбеков, Шығ.).
2. м е д. <грек. аsphyxiа> Қанда оттек жетіспеушілігінен көмірқыш қыл газының көбеюінен болатын адам өміріне қауіпті патологиялық жағдай.
Тұншығу әртүрлі жағдайларға байланысты, мысалы, жүрек, бронхы демікпесі кезінде, тыныс жолына бөгде заттар түскенде, электр тогымен зақымданғанда, т.б. пайда болады (ҚҰЭ).
Алқына тұншығу жүрек ауруымен сырқаттанатын адамдарда болып тұрады (Шопан сырласы).