Тұншығу

lat: Tunshyǵý

тыныс алу жолына ауаның өтпеуінен не жеткіліксіз мөлшерде түсуінен туындайтын организм мен сыртқы орта арасындағы газ алмасу процесінің күрт тиылуымен сипатталатын патологиялық күй. Бұл процесс түрлі себептердің (тыныс жолдарының бітелуі, қысылып қалуы, көмекейдің ісінуі, пневмоторакс, тыныс еттерінің қарыса жиырылуы т.с.с.) салдарынан туындайды.