Тұншықтыру

lat: Tunshyqtyrý

Тұншықтыр етістігінің қимыл атауы.

Шама келсе, кімді-кім кездескен қарауылды дымын шығармай орнында тұншықтыру (Б.Тұрсынбаев, Ауылда.).

Мұның үстінен қойды айдау малды қалың қарға көміп, тұншықтыру екенін Шорман білді (Ж.Жұмақанов, Шұбартау.).