Омар: Түбіме жетіп, тұқымымды құртайын деп жүр екенсің — деп өзіне дүрсе қоя беріп„ ұмтылған соң әзер қашып, жан сауға қылып қана құтылды (С. Торайғыров). Әлия Темировна жұмысты жаңа өсімдіктің тұқымын зерттеу, соны іріктеуден бастады (С. Бегалин). Қазіргі тілімізде, сондай-ақ басқа да түркі тілдерінде бұл сөздің мағыналары алуан түрлі. Қазақтың әдеби тілінде және қазіргі түркі тілдерінде тұқым мынадай мағынада айтылады: адамзат, жан-жануарлардың нәсілі, ұрпағы, негізі, тегі, әулеті және өсімдіктердің себуге, өсіруге алып қалған ұрығы. Қазақстанның оңтүстік аудандарында жұмыртқаны да тұқым дейді (Досқараев. Қаз. тіл. жер. ерек. 117). Бұл сөз парсы тілінде де осы мағыналарда қолданылады. Тұқым сөзі монғол тілінде де бар (Т. Л. Бертагаев. 06 этнмологии слов баргуджин, баргут и тукум. — Филология и история монгольских народов, М., 1958, 174). Сөйтіп, тұқым сөзі түркі, монғол және парсы тілдерінде қолданылады. л. 3. Будагов (Ср. сл. тат.-тур. нар. I, 346), Д. А. Магазаник (Тур.-рус. сл., М., 1945) жэне Б. Я. Владимирцов бұл сөз түркі, монғол тілдеріне парсы тілінен ауысқан дегенді айтады (Владимирцов. Монголика, 339). В. В. Радловтың, К. К. Юдахинның сөздіктерінде бұл сөзде парсы тілінен кірген деген сілтеме жоқ. Тұқым деген сөз көне монғол тілінде қолданылған. XII—XIII ғасырларда монғолдарда Баргуджин-тукум деген топоним болған (Т. А. Бертагаев. 06 этимологии слов бар- гуджин, баргуд и тукум. — Филология и история монгольских народов, М., 1958, 173). Жер-су атаулары көбіне көне сөздер болып келетінін ескерсек, тұқым сөзі одан да бірнеше ғасыр бұрын сол тілдерде қолданылған деген жорамал жасауға әбден болады. Осы жердің аты туралы Рашид-ад-дин: ол жерді жайлаған баргуттар еді, сондықтан олардың қоныс салған алқабы Баргуджин токум деп аталған еді дейді (Рашид-ад-дин. Сборник летони- сей, М. — Л., 1952, т. I, кн. I, 121). Баргут-ру- тайпаның аты (-(д)жин қосымша) қ.: Т. А. Бертагаев, аталған мақала, 173-174) мен тұқым («нәсіл, ұрық» деген мағынада) деген сөз екеуі бірігіп рутайпаның аты болған, одан жер атауына ауысқан. Түркі, монгол тілдерінде тұқым сөзі ертеректен бар сөз тәрізді. Біздің жобалауымызша, бұл сөздің түбірі тұқ, көне түрі — тұғ. Осы түбір көне түркі жазба ескерткіштерінде «туу, туған, шығу, көтерілу» мағыналарында кездеседі. Бұл көнетүркі тіліндегі тұғ қазіргі қазақ тіліндегі тұу (қазіргі жазылуы ту) сөзінің бастапқы түбірі. Ескерткіштегі бұл сөз тог деп те, тұг деп те оқыла береді. Сөз соңындағы ғ дыбысы у дыбысына ауысқан — түг//тұу. Қазіргі біраз түркі тілдерінде бұл сөз кейбір көне формаларын сақтаған: ұйғырша тұг, тұгма, туққан, сары ұйғырша тог, туқ, тоғум, азербайжанша догма. Түбір сөздің соңындагы ұяң ғ дыбысының қатаң қ дыбысына айналуы түркі тілдерінде кездесетін құбылыс. Шағатай әдеби тілінде уруғ-туккан деген қос сөз қолданылған (Радлов. Опыт сл. I, 1659). Бұл қос сөздің қазіргі өзбек және ұйғыр тілдеріне де тән екенін Л. А. Покровская айтады (Покровская. Термины родства ..., 45), Қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ басқа да түркі тілдерінде, қолданылып жүрген тоқты (тоғлы) деген сөз де туғ-дан шыққан. Сөйтіп, тог (тұқ, түғ, түу) сөзі — «туу, шығу» деген мағынаны білдіретін етістік. Оған есім тудыратын, қимылдың нәтижесін көрсететін -ым жұрнағы жалғану арқылы тоғым (тұғым, тұқым) сөзі жасалған. Біздің ойымызша, түбір сөздің соңғы дыбысы қосымшасыз-ақ қатаңданып, тоқ (тұқ) болған, кейін қимыл нәтижесін білдіретін -шім жұрнағы жалғанғанда, ол қосымша қатаң түбірге қосылған. Сонымен, біздің аңғаруымызша, тұқым парсы тілінен енген сөз емес, түркі, монғол тілдерінің төл сөзі сияқты. Тіпті ол түркі, монғол тілдерінен парсы тіліне ауысуы ықтимал, үйткені IX—XIV ғасырларда түркі елдері Орта Азияны, араб елдерін жаулап алып, үстемдік жүргізгені мәлім. Онымен бірге жаулаушы елдің көптеген сөздері жергілікті тілге ауысып, сіңісіп кетуі ғажап емес. Сонымен бірге тұқым сөзі түркі елдерінде көптеген жаңа тұлғаларда да қолданылады. Қазақ тілінде: тұқымдану, тұқымдық, тұқымсыз, тұқымшылдық, тұқымдау, тұқымдас, тұқымдыт т.б. Бұл — төл сөздердің бір қасиеті. (С. И.)