Тұқымдармен көбею

lat: Tuqymdarmen kóbeıý

Тұқымдар қалыптастыру мүшелерін, көбеюді және таралуды қамтамасыз етіп, аналық өсімдікте көп мөлшерде түзіледі. Тұқымды өсімдіктер ашық және жабық тұқымдыларға тән. Тұқым түрі өзгерген мегаспорангий, тұқымбүрден қалыптасады. Оның ішінде аналық гаметофит дамиды және ұрықтану жүреді, кейіннен зиготадан жаңа спорофиттің ұрығы қалыптасады.