lat: Turý
Тұр етістігінің қимыл атауы.
1. Ұйқыдан ояну, төсектен тұру.
Тұруға ерініп, шалқамнан түскен бойы басымның астына қос қолымды қойып алып, осыны қызықтап біраз жаттым (Ә.Қалдыбаев, Шаншар.).
2. Негізгі етістіккетіркесіп, істің нақты күйін, қимыл-әрекеттің жайын білдіреді.
Адамдарды жақсы көріп, сыйлап тұруға баланы ерте, жас кезінен бастап баулу қажет (Семья тәрбиесі).
3. Белгілі бір мекенде, үйде өмір сүру, тіршілік ету.
Хан алдына келген Көге өзінің және қазақтардың мұсылман екенін дәлелдеу үшін Бұхарада төрт-бес жыл тұруына рұқсат беруін өтінеді (Х.Досмұхамедов, Шығ.).
Емтиханға екі ай қалғанда оқу ақысын төлей алмай медреседен шығып, көшеде қаңғып қалыпты. Оқуына да, тұруына да, елге қайтуына да бір тиын пұлы жоқ (М.Дулатов, Шығ.).
4. Күзеткетұру, күзету.
Қанша барын білмеймін, Кезекпенен тұруға Алдыртты екі солдатты (О.Шипин, Дастан.).
5. а у ы с. Орынды, тақты босату, айырылу.
Ханның қызы алтын тақтан тұруға енді ерінеді. Дейді ішінен: «Бәлем қойшы, Сазаң ертең беріледі» (О.Шипин, Дастан.).