Тұрғын

lat: Turǵyn

з а т. Белгілі бір елді мекенді, ауылды, қаланы, үй, пәтерді мекен ететін адам.

Оны сезбейтін тек Жаппар ғана болса керек, тіпті ханша екеш ханша да шаһар тұрғындарының көңілінде не жатқанын естімей-ақ білген түрі бар (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.).

Бағында бал гүлі нұр, бұлбұлы жыр, Болсаң сен Алматының тұрғыны бір. Күміспен апталғандай аппақ әже, Көзіңе түскен шығар бұл күні бір (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).