lat: Tur
е т. 1. Аяғын тік басып, бір орында болу.
Ол жаңа қонақтарын сол арада, далада тұрып, ұлдарымен таныстырды (Ә.Тарази, Асу.).
Ол шыға жүгірген бойымен шарбақта тұрған атына барып карғып мінді (Ә.Әбішев, Терең тамыр.).
2. Отырған орнынан көтерілу.
Әңгіме осы араға келгенде, Қатира орнынан тұрып қоштаса бастады (Қ.Жұмаділов, Қаздар.).
Абай орнынан шапшаң тұрып, шешесіне көрпе салды (М.Әуезов, Абай жолы).
Әйгерім тұрып, қымыз ыдыстарын жыйғызуға белгі берді (М.Әуезов, Абай жолы).
3. Белгілі бір жерді мекендеу, өмір сүру; болу.
Енді Павел Николаевич әйелінің тұрған қаласы, өзінің туған жері – Петергургке көшуге бел байлады (І.Есенберлин, Қатерлі.).
Ең негізгі кінә, әрине, өзімде. Бұл баланы жаңа туған кезінде Перзент үні тұсаған жан мұратын Афрасиабтың ар жағында тұратын Нағашысы бауырына басқан-ды. Қателігім осы арадан басталды (М.Шаханов, Ғасырлар.).
4. Ұйқыдан оянып, төсегінен басын көтеру.
Мен Москваға барған сайын таңғы сағат алтыда тұрамын (С.Мәуленов, Жер нәрі).
Сол күні ертеңіне орнымнан тұрсам, әкем үйде жоқ болып шығады (Ө.Тұрманжанов, Адам.).
5. Белгілі бір сөздермен тіркесіп келіп, түзілу, жасалу, құралу мағыналарын білдіреді.
Бұл ұрық та алғашқы сабақ, алғашқы жапырақ және бірнешетұқым жарнақтарынан тұрады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
Біздің Жер мен Күндегі заттар қандай химиялық элементтерден тұратын болса, жұлдыздағы заттар да сондай элементтерден тұрады екен (Х.Әбішұлы, Халық астрон.).
6. Кейбір сөздермен тіркесе айтылып орналасу, жайласу мағынасын білдіреді.
Жұмысқа тұрсам ақша табар едім, ақша тапсам қарным ашпас еді деп ойлайды (М.Дүйсенов, Мейман.).
– Складқа тұр деп мен ақыл беріп едім ғой, мені тыңдасаң өлмейсің (С.Жүнісов, Жапанда.).
Ашулы баста ақыл тұрмайды (Мақал).
7. Күрделі етістікқұрамында жұмсалып, осы, нақ осы шақтағы істің күйін, жайын білдіреді.
Қазір сол шахта үйінің бір бөлмесінде Көктайынша балға соғып тұр (Ғ.Мұстафин, Қарағанды).
Шашып тұр әлі шуағын, Сол қалпы нұрын көздегі. Ерекшетолқып қуандым, Жазымсың бала кездегі (С.Әлімқұлов, Жайсаң жер).
8. Бөгелу, тоқтау, кідіру.
Ескендір мұны көріп аз тұрады, Хакимді аулақ жерге шақырады. Таңғаларлық іс болды мұның өзі, Мәнісін айтып берші деп сұрады (Ақылбай Құнанбаев, Ескендір).
9. Болу, бар болу.
Нысап керек дәулетке де, баққа да, Бірін таңда тек қана: Әр сөзінде от тұратын, Елгетаңдай қақтыратын, Ғажабы да, Азабы да орасан Жұрттан асқан ақыл берем қаласаң? (М.Шаханов, Ғасырлар.).