Тұрақты

lat: Turaqty

с ы н. 1. Өзгермейтін, ауыспайтын, орнықты.

Орынбор қазақ автономиясының орталығы болған шақта, онда қазақтың тұрақты өлкелік милиция мектебі ашылған (С.Мұқанов, Есею жыл.).

Демьян Бедныйдан бері қарайғы белгілі қалам қайраткерлерінің бәрі түп-түгел «Правданың» тұрақты авторлары (З.Қабдолов, Сыр).

2. Бірқалыпты, сындарлы.

Танытатын азаматты, арлыны, Бай ететін жарлыны Достық сезім мәңгі жасыл желегі Тек тұрақты қасиеттер елегі. Достыққа осал болғандардың барлығы Ел тағдырын ойлауға Қабілетсіз келеді (М.Шаханов, Ғасырлар.).

3. Сөзіне, уәдесіне берік.

Бар ма сол жан, бар ма сол жан шуақты, Сөзіне де, өзіне де тұрақты! Мені сүйер біреу бар деп алданам, Сол алданыш шын бақытым сияқты! (Т.Молдағалиев, Шақырады.).