Тұрпат

lat: Turpat

з а т. 1. Кескін, келбет, пішін.

Мәселен, кісі жайынан сөйлегенде, я тиіс жағынан алып, түсін, тұрпатын , мінезін, құлқын, туысын, тұрмысын, ісін айтамыз (А.Байтұрсынов, Шығ.).

2. а у ы с. Түр, бағыт.

Замана рухына қарай мамандықтардың да мазмұны өзгеріп, жаңа тұрпат , жаңа сипат алады (К.Смайылов, Мамандық.).

Жау тұрпаты сайтандай, Жаудың бетін қайтармай, Кімдер үйде қалғандай (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).

3. Дене бітім, пошым. 

Жалпы тұрпаты қаршығаға ұқсас (Ш.Айманов, қыран.).