lat: Tushshylandyrý
Тұщыландыр етістігінің қимыл атауы.
Соңғы жылдары осында суды тұщыландыру шаралары жүзеге асырылды (К.Күленов, Қазақст. балық.).
Ұсыныс-жобалардың ішінен біз Сібір өзендерін оңтүстікке қарай бұру, каналдар жүргізу, теңіз суын тұщыландыру сияқты бірқатар шараларды білеміз және олардың іс жүзінде жүзеге асқанын көріп келеміз (Қ.Құрманов, Табиғат.).