Тұтамда

lat: Tutamda

е т. 1. Тұтамға салу, тұтаммен өлшеу.

Әр метрді тұтамдап есептеп келеміз, қауіп қасынан сүйкене өтіп, сүйемдей жерден аман қалуымыз керек (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Ол қыр елінің жайына тамыс, шақырымдап өлшей ме, аршындап өлшей ме, тұтамдап өлшей ме оны өзі біледі (С.Бегалин, Шоқан асу.).

2 . а у ы с. Аз-аздау, там-тұмдау, мөлшерлеу.

Ертеңгісін ойлайтын ұқыпты шаруалар бірді-екілі малына шөпті тұтамдап берді (З.Ақышев, Ақбел.).

Сиыр фермасындағы қыстай тұтамдап келген маяларды да, өзі бастық болғалы жақын жердегі қойларға тасып шашып, еңсеріп тастады.Сқақбаев, Қырық қыз).

3. а у ы с. Тарылту, қысу, қинау.

Былтырғы ағыл-тегіл молшылық айқалмайды, соғыс бұларды да тұтамдап қысып тастаған (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.).