Тұтастық

lat: Tutastyq

з а т. 1. Тұтас болушылық, бөлінбеушілік, бірлік.

Әбілқайыр мынау бірінен бірі туып, бірінен бірі өрбіп жатқан жұмыр тұтастықты, нағыз бірлікті, жарастықты көргенде калейі құрғап, көзінің алды жыбырлай берді (Ә.Кекілбаев, Үркер).

Сайып келгенде, қазақтардың тамақтану этикеті ісләм діні мен ісләмға дейінгі халықтық наным-түсініктің жымдасуынан құралған тұтастықинкреттік] сипатта болды (Д.қатран, Қазақ. ас-тағам.).

2. и н ф. Кездейсоқ әрекеттер жағдайында өзінің ақпараттық мазмұнын және түсініктеме берудің бір мәнділігін сақтайтын мәліметтердің қалып-күйі.

Егер мәліметтер бұрмаланбаса және бүлінбесе (өшірілмесе), онда олардың тұтастығы сақталды деп есептеледіаз. тілі термин. Информатика.).