Тұтқалы

lat: Tutqaly

с ы н. 1. Тұтқа салынған, тұтқасы бар.

Топ адамның ішінде қолына тұтқалы шамды көтере ұстаған Есімжан бар (А.Оразалин, Қайырлы.).

Үйдің карниздері, терезе араларының қабырғалары, күміс тұтқалы есіктің маңдайшасы, қос босағасы да ақ торғын кружевалар тәрізді оюлы әшекейлер толқынына көміліп тұр (Д.Әбілов, Арман.).

2. а у ы с. Бастаушысы, көсемі бар.

Сауынды тұтқалы елде ептіге айтты, Былғайтын егескенде кектіге айттыатырлар жыры).