Тұзды

lat: Tuzdy

с ы н. Тұзы көп, ащы.

Жүрек ауруы, гипертониясы бар адамдарға тұзды қияр жеуіне болмайды (С.Сұбханбердин, Өсімдік –дәрі.).

Бал татыған ақ сазандар тереңі, Теңіз түбі тұзды сумен тұнса да. Маған нанның тәтті дәмін береді, Маңдай терім ащы бола тұрса да (Т.Айбергенов, Мен саған.).