lat: Tyń
с ы н. 1. Бұрын пайдаланылмаған, егін салынбаған (жер).
Жаңа өмір келіп, Толағай төксе нұр маған, Түлігім тоқ Ақ дәнге толды тың далам. Салтыңды сенің дәріс етсем балама, Жақсыңды жалғап өтер-ау деп, Бір бабам (К.Салықов, Жезкиік).
Күннің көзі нұрланды, Жер құлпырды, ай құшып. Қосылды оған тыңдағы, Трактор үні жарысып Қоғам малы жайылды, Көктемнің көркі қайысып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
2. Соны, жаңа.
Сондықтан оқудан біртегіс өрлейтін саты болу керек. Әрбір тыңнан берілетін білім бұрынғы білгеннің жалғауы, келесі білімнің бастауышы сияқты болғаны тиіс (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Онан да сен, Жастық шағым, жалынды,тың бағыт бер (М.Шаханов, Ғасырлар).
Жаңа екпін, серпіліс, қарқын.
Молшылықтың бір көзі, екінші тың малда тұр. Қыстан аман ап шығып, Мал өсімі алда тұр (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).