lat: Tyńdaýshy
з а т. Құлақ салушы, естуші.
Кербездерің керіліп, Басуға аяқ ерініп; Шешенің судай төгіліп, Тыңдаушың бордай егіліп, Өз-өзіңнен іскенсің (Дулат Бабатайұлы, Замана.).
Ақтарып ағытқанда түйдегімен, Мейірін тыңдаушының қандыратын. Дәуірлеп дәурен өтті желдей есіп, Ел-жұртым қадірлейтін сөздің парқын (Ә.Найманбаев, Шығ.).