lat: Tyńshy, jansyz, úsh órip qarap., salpańqulaq sóıl., úndemes sóıl.
Астыртын жұмыс істейтін тың тыңдаушы адам.
Тыңшылар көшелерде түнде қаңғып, қаланы судай сүзген қармақ салып, қай үйден сыбыр, дыбыс шығады деп, жабысып тұрады аңдып (Ғ. Орманов).
Қаладан тіл алуға жансыз етіп Әйтиевтің қайнағасы партизан Ерғалиды жөнелтті (X. Есенжанов).
Төңкерісшіл, турашыл, Смағұл қайтсем қазағымды ертерек ел қатарына қосам деп, жан таппай жүріп, үш әріп үндеместердің улы оғынан мерт болған (Д. Досжанов).
Салпаңқұлақ қой бұл арамызға әдейі әкеп жатқызып қойған (Р.Тоқтаров).
Қой бағып біраз бой жасырып көріп еді, үндемес қойды ма, іздетіп тауып, қайта апарып жауып қойған жоқ па? (Р. Тоқтаров).