Тығын

lat: Tyǵyn

з а т. 1. Бөтелке сияқты өңеші тар ыдыстардың аузына тығатын зат.

Алексей бәкісінің желкесіндегі бұрғымен қызыл арақтың тығынын ашты да, екі рюмкаға толтырып құйды (С.Мұқанов, Ботакөз).

2. Тесікті бітейтін зат.

Алдынан ұя жасап, жатқан бұғып, Қарны ашса жүреді кіріп, шығып. Жолдасының біреуі келе жатса, Тесікке қояды екен тығын тығып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

3. а у ы с. Азаз тамақ, талғажау. Қарлығаш! Сен келтірсең масаыбын, Бұларға ода қорек болар тығын. Осындай жұрт жабылған сауап іске Ұят қой кіріспесең, жарықтығым! (А.Байтұрсынов, Шығ.).

4. с т и л ь. Кептеліс.

Алматының жүргізушілері әсіресе сенбі, жексенбі күндері тығынға тіреліп, улыған-шулыған болады да жатады (“Жас Алаш”).

Көлік тығынынан трамвай шығаруы мүмкін (“Айқын”).

5. а у ы с. Пара, ауызбастырық.

Алты қой болысына болды тығын, Бір тоқты шабарманға шықты шығын. Арызын тыңдайтұғын еш адам жоқ, Айтады шағып бұлар кімге мұңын? (Ә.Найманбаев, Шығ.).