Тығында

lat: Tyǵynda

е т. 1. Тығынмен бекіту, тығын тығу.

Қабікен әжесі сыртын кигізбен қаптап, аузын шүберекпен тығындап берген бөтелкесінен айран-шалап ішті (Ғ.Қайырбеков, Ақ желкен).

Асыл бір метрлік жасыл термосқа қаймақ қатқан қою күрең шайды толтыра құйып, аузын тығындап жапты (Е.Мырзахметов, Медет).

2. Бекіту, жабу, тұмшалау.

Досым өтсе алдымнан қырын қарап, Бозторғайым кеудемде шырылдамақ. Естігісі келмейді бәтшағардың, Қорғасынмен құлағын тығындапап(М.Мақатаев, Шығ.).

3. а у ы с. Жолына көлденең тұру, кедергі жасау.

Көріне даусын жеткізбей, Еліне даусын жеткізбей, Аузы мен мұрнын тығындап, Сыртынан сұмдар сыбырлап. Ойнайды келіп той ұлы, Ақын өлтіру ойыны! (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

4. а у ы с. Пара, ауызбастырық беру.

Болыс болдым, мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап (Абай, Тол. жин.).