Тығыз

lat: Tyǵyz

с ы н. 1. Қалың, жиі.

Жүні тығыз болып келген екі қойдың қайсысының жүні ұзын болса, сонысы жүнді артық береді (М.Ермеков, Қазақст.).

2. Бітікскен).

Мектептің алдында тығыз өскен акацияның жасыл қорғаны бар (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).

Биыл егін-шөп бәсекелесіп өскендей тығыз да бойшаң («Қаз. әдеб.»).

3. Мықты, берік.

Қараңғылық қапасынан қашқан адамдарға нажағайдың салқын оты мен жарқ-жұрқ етіп тұрған ағаш та құжыр-құжыр ұзын саусақтарын созып, саусақтарын тығыз тоқылған аудай біріне-бірі айқастырып, оларды жолдап тоқтатпақшы болып тұрған тірі бір нәрсе секілді көрінді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Овощ, балық, колбаса қабықтарын, сүйек-саяқты шелекке немесе беті тығыз жабылатын кастрольге жинап, төгіп отыру қажет (Келіншектер). 

Өте.

Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелден бір-бірімен тығыз ынтымақта болғаны айтылды (Р.Бердібаев, Достық).

4. а у ы с. Асығыс, шұғыл, тығызтаяң.

Абай Дәркембайды танып: Шешініңіздер, деп еді, Дәркембайдың жүрісі тығыз екен (М.Әуезов, Абай жолы).

Торғайдағы крестьянский начандігі, уез начандігі, солдат бастығы болыс-болысқа адамдарын әкелетін сөзін кесіп айтып, тығыз бұйрық таратты (М.Дулатов, Шығ.).

Дос біледі кім ақтады үмітті; Жау біледі кім ұтылды, кім ұтты. Мезгіл тығыз, менің тентек жүрегім Мүлдем әлгі мүгедекті ұмытты (Х.Ерғалиев, Күн күмбез).