Тыныс орталығының автоматизмі

lat: Tynys ortalyǵynyń avtomatızmi

сыртқы тынысты басқаратын нейрондар жиынтығының тыныс кезеңдерінің (фазаларының) ырғақты түрде алмасып отыруын қамтамасыз етуі. Тыныс орталығының автоматизмі экспираторлық нейрондар белсенділігі төмендеген кезде инспираторлық нейрондардың, ал инспираторлық нейрондар белсенділігі төмендеген кезде экспираторлық нейрондардың қозуын қамтамасыз ететін нейрондар тізбегінің ерекше құрылымдық сипатына байланысты.