Тық

lat: Tyq

е т. 1. Үшкір затты денеге сұғып алу, қадау.

Егер келіп олардың біреуі жабысса, қарнына тығыпал! деп, ол ақ бәкіні қызы Күлімханға берді (І.Жансүгіров, Шығ. жин.).

Омар қайтерін білмей, түсі бұзылып кетіп, бір жеріне біз тығып алғандай ыршып-ыршып түсті (С.Торайғыров, Таңд. шығ.).

2. Бір заттың ішіне екінші бір затты салу, сұғу.

Тығыпап тұмсықтарын мамығына, Айдын төсек, аспанды жамылуда. Арша, шырша, жартастар жағадағы, Сұғынып бәрі көлге табынуда. Аласұрып, қан ойнап тамырында, Анажүрек тыпыршьш, қабынуда, Не қыларын біле алмай жабығуда (М.Мақатаев, Шығ.).

Күн батқан кезде құбылаға сіңіп асыл нұр, Қара көк мамық қанатқа тықты басын бұл. Оралмай әке, ораза ашпай талайдан, Қанатын қағып, құса ғып бітті тас үңгір (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

3. а у ы с. Адамды түрмеге қамау, жауып қою.

Түрмеде отырғандарды азап вагонында ай жарымдай қамап қойып, одан Омбаға алып келіп, лагерьге тықты(С.Сейфуллин, Шығ.).

Мені екі бақылаушы адам дедектетіп отырып ұзыннан-ұзақ коридордың түбіндегі бір жарықтау ұзыншақ бөлмеге әкеп тықты (Ө.Тұрманжанов, Адам.).

4. а у ы с. Көзден таса қылып жасыру, көрсетпей қою.

Байларға тыққан астығын үкіметке тапсыруға он күн берілді (Б.Майлин, Шығ.).

Торғайдың ығы, желіне, Бөліп-бөліп әр жерге Қойды тығып мергенді, Мергеннің атын ұстатты Я туысы, ілігі Өздеріне сенімді (О.Шипин, Дастан.).

5. а у ы с. Қорғау, сақтау.

Жиылып келді бір күн шәкірттері: «Сізді бір көрмедік, деп көптен бері. Тышқан көп деп тамағын тықты бұл ел, Ала алмадық қиын боп қойған жері (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).