lat: Tyrma
з а т. 1. Топырақты майдалау үшін, шөп жинау үшін пайдаланылатын мәшине, тракторға немесе өгізге, атқа жегілетін темір тісті ауыл шаруашылық құрал.
Тырма – жыртылған жердің топырағын майдалайтын құрал; ұзын ағаш сапты, жер қопсытуға арналған (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
Екі киіз үй жанына жақындай келе қарасақ, қаптаған көп машина, тырмалар (Ғ.Қайырбеков, Қарқаралы.).
2. Шабылған шөпті жинау үшін, үй, қора маңындағы шөп-шаламды тазарту үшін пайдаланылатын қол құрал.
Ерте кезде қол орақ, шот орақ сияқты қарапайым құралдарды пайдаланса, қазір шалғы, темір аша, тырма сияқты құралдар кеңінен тарады (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.).
Өсе бердік оқу, еңбек араласып, Ағат аттап кетпедік дара басып, Қыста оқу, ал жазғы каникулда Түрен, тырма, күрекпен жағаласып (М.Мақатаев, Шығ.).