lat: Tyrnaq
з а т. 1. Аяқ-қолының ұшындағы қатты және өткір өсінді.
Жас нәрестені күтетін адамның қолы әр уақытта таза, тырнағы алулы болғаны шарт («Қазақст. әйелдері»).
– Мен қалтамнан бәкімді алып, оның тырнағын алуға кірістім (Т.Әбдіков, Күз.).
2. Аңның, құстың аяқтарындағы үшкір, имиген мүйіз түзімді өткір өсінді.
Бүркіттей емес екені Кешікпей-ақ білінді. Жабағыға тырнағы Шықпастай боп ілінді (Абай, Тол. жин.).
Жона-жона имек бүркіт тұмсығын Тұмсығына ұқсатыпты ол тауықтың. Енді бірде бүркіттің Өткір, ұзын тырнақтарын аңғарып, Басын шайқап тұрып қалды таңданып (М.Шаханов, Ғасырлар.).
3. а у ы с. Басқа түскен жағымсыз жағдай, біреудің үстемдігі, жәбірі, қорлығы деген мағынада.
Қалай ғана жағармын бұл қауымға, Бірдемесін бүлдіріп, ұрладым ба? ...Қандай еді серінің салған әні –...«Бөктергінің қор болған тырнағында» (М.Мақатаев, Шығ.).