lat: Tyrnaqty
с ы н. 1. Тырнағы өскен.
Ұзын тырнақты қыз (Ауызекі).
2. Тырнағы бар, тырнағы өткір (аң, құс).
Барысқа ұқсаған тырнақты, адуынды аң дала маралын алқымынан қысып жатыр (І.Есенберлин, Маңғыстау.).
– Жол ауыр, мерген! Жолда тісті мен тырнақты тағы аңдар кездесуі мүмкін және Мұғаджар іші қайнаған қарақшы (Ж.Молдағалиев, Алғашқы.).
3. а у ы с. Азулы, озбыр.
Еркін өсіп, еркін жүрген қазақ халқы Россияның қатын патшасының заманынан бастап алдауға түсіп, Петр Великийдің тырнақты уысына түскен (С.Сейфуллин, Шығ.).
Азулы, озбыр, адам.
Бұл заман байқағанға күштінікі Азулы, тырнақты мен тістінікі. Дүниенің патшалығы, батырлығы – Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі (С.Дөнентаев, Таңд. шығ.).