ҰЯҢ

lat: Uıań

сын. Ұялшақ, биязы (адам).

Әдептімін, ұяңмын, именемін,

Сыраға бал, сыйыңа сый беремін.

Аңқау қазақ екен деп, ағайындар,

Намысыма алайда тиме менің! (2,89).

Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,

Аттап өттім олардың қия белін.

Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,

Жия бергім келеді, жия бергім.

Маңдайымнан сипаған бір жан болса,

Енді қалған өмірімді қияр едім (3,73).