фразалық тіркес. Біреуді, екі адамның арасын, отбасын бұзу деген мағынада айтылады. «Е, олай болғанда, текке сөйлеп отырмыз ғой тәрізі... Абай, осы қойсаңшы тегіс ондай ұя бұзар сөзді» деген Тәкежанға: «Сенің ұяңды мен әлі бұзғам жоқ... жер үлесем дедің, қарсы болдым ба? Малын алам дедің, дау айттым ба? Қатын үлесем дедің, қой дедім бе? Таңдаулысын алам дедің, қарсы шықтым ба, таластым ба? Қашан бұздым ұяңды? Барына көніп, үнсіз отырғам жоқ па?» деп, Абай Оспаннан қалған мал-мүлікті, жесір әйелдерді бөліспейтінін айтып шықты («Қоршауда»).