Ұялу, қысылу, шімірігу, қызару, ұялшақтану, бетінен оты шығу

lat: Uıalý, qysylý, shimirigý, qyzarý, uıalshaqtaný, betinen oty shyǵý

Әдеп сақтап ыңғайсыздану, кішірею.

Ағай, сіз бізге ұнайсыз, - деп жас жігітке қарап еді, ол ұялып, төмен қарады (Б. Әшімов).

Күнтуар күжірейген желкесін сипалай, кәдімгідей-ақ қысылып қалды (О. Сәрсенбаев).

Бетің шімірікпей әкеңдей кісілерді алдайсың, осының жарай ма? (Ш. Хұсайынов).

Досы Сейтен де қызарып, ештеңе дей алмай, айналаға қорғана жалтаңдайды (М. Иманжанов).

Мен бірнеше рет оқталып, сұрай алмай, ұялшақтанып отыр едім (Б. Тұрсынбаев).

Бетінен оты шыққан қара торы жігіт домбыра тартты («Лен. жас»).